Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады — Қазақстан жаңалықтары

0

14-15 сәуірде ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына алғашқы мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Stan.kz Ақ ордаың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен келіссөздер барысында сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және транзиттік-көлік ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. Екі ел басшысы, сондай-ақ аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптарды да талқыға алмақ.

Бұл келіссөз барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, Тоқаев пен Мирзияев Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуына қатысады.

 

stan.kz