Тоқаев: Өтірікті шындай сөйлету аса қауіпті құбылыс екенін түсіну керек

0
549

Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес өткізді.

«Бірқатар облыстарда  коронавирус індетіне қатысты жаңа жағдайларды жасыру деректері анықталды.

Әңгіме Шығыс Қазақстан,  Солтүстік Қазақстан,  Павлодар,  Ақмола,  Қостанай және басқа да облыстар жайында болып отыр.

Өтірікті шындай сөйлету аса қауіпті құбылыс екенін түсіну керек. Өйткені ол шынайы қауіптің бетін бүркемелейді. Сондай-ақ  бүкіл еліміз бойынша коронавирус індетіне қарсы жүргізіліп жатқан күрес стратегиясына зиянын тигізеді.

Қазіргі ахуал жете бағаланбай, қабылданған шаралар толық жүзеге асырылмай отыр. Халықтың індеттен сақтану деңгейі төмендеп кеткен. Бұл – аксиома. Мұндай жағдай әлемнің көптеген елінде байқалуда.

Аталған проблеманың біздің денсаулық сақтау жүйемізде де созылмалы сипат алғанын мойындауымыз керек,» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз