Тоқаев оқулықтардың сапасы өте төмен екенін айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Президент оқулықтардың сапасы үшін оны әзірлегендердің жауапкершілігін заңды түрде бекітуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сапасыз оқулық дайындайтындарды жауапкершілікке тарту тетігін заңды түрде бекітуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Білім сапасы оқулықтың сапасына байланысты. Бұл – аксиома. Сондықтан ғылыми-тәжірибелік сараптама мен оқулықтардың апробациясына қатысты талаптарды түбегелі күшейту керек», — деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бүгінгі отырысында.

Оқи отырыңыз: Тоқаев қазақ тілін тиімді оқытудың әдісін тапты 

Мемлекет басшысы бұл білім және ғылым министрлігінің басты міндеті екенін атап өтті.

«Біздегі оқулықтардың сапасы өте төмен», — деп қынжылды ол.

Осы орайда президент оқулықтардың сапасы үшін оны әзірлегендердің жауапкершілігін заңды түрде бекітуді тапсырды.

«Нашар оқулық дайындалса, ол кітап қолданысқа түспесе, әзірлеушіні жауапкершілікке тарту қажет. Басқаша болмайды», — деп түйіндеді Тоқаев.



sputniknews.kz