Тоқаев Оман Сұлтанының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Оман сұлтаны Кабус бен Саид Аль Саид 80 жасқа қараған шағында дүниеден озды, оның орнына басшылыққа туысы Хейсам бен Тарик Аль Саид келді

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Оман Сұлтаны Қабус бен Саидтың қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қабус бен Саид өз өмірін Оман мен оның халқының мүддесін қорғауға, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға риясыз арнады. Қазақстан халқы Сұлтан Қабусты парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, көрнекті мемлекет қайраткері, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан бүкіл Оман халқының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Оманның жаңа сұлтаны кім

Қабус бен Саидтың тікелей мұрагері болмағандықтан, басқарушы әулет кеңесі оның ізбасары ретінде 65 жастағы туысқан інісін сайлады, деп хабарлайды РИА Новости.

Мәдениет және мұра министрі қызметін атқарған Хейсам бен Тарик Аль Саид бүгін таңертең ант қабылдады.

Тағы оқыңыз: Украина ұшағы құлады: Зеленский әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады

Хейсам бен Тарик Аль Саид 1954 жылдың 11 қазанында туған.

1986 жылдан сыртқы істер министрлігінде түрлі қызметтер атқарды, бас хатшы да болып істеді.

2002 жылдан мәдениет және мұра министрі болды, бұдан бөлек Оманның 2040 жылға дейінгі экономикалық дамуы бағдарламасына жетекшілік етті.



sputniknews.kz