Тоқаев Нұрпейісовке құрметті атақ берді

0

Белгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов 96 жасында «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды. Тиісті жарлық Ақордада жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдіжәміл Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов

«Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін», — деп жазылған құжатта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



sputniknews.kz