Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімін ауыстырды

Саясат
Қысқа сілтеме алу
Бұған дейін елорданы Бақыт Сұлтанов басқарған еді
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып Алтай Көлгінов тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Алтай Сейдірұлы Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалсын», — делінген президенттің жарлығында.
Бұған дейін елорданы Бақыт Сұлтанов басқарған еді. Ол Астана әкімі болып (қазіргі Нұр-Сұлтан) 2018 жылдың 11 қыркүйегінде тағайындалған болатын.
sputniknews.kz