Тоқаев Назарбаевтан ақыл сұрауға ұялмайтынын айтты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мемлекет басшысы Назарбаевтан кейін президент болу қаншалықты қиын деген сауалға жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жауапкершілікті түсінетінін, сол себепті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдасуға ұялмайтынын айтты. Тоқаев билік транзитінің «қазақша» тәсілі осындай болатынын атап өтті. 

Тағы оқыңыз: Сенат депутаттары Назарбаевқа тағы бір мәртебе берді

«Россия» арнасындағы «Вести недели» бағдарламасына берген сұқбатында Тоқаев жүргізушінің: » Нұрсұлтан Назарбаев сынды көшбасшыдан кейін Қазақстан президенті болу қиын ба?» деген сауалына жауап берді.

«Қиын, бірақ ең бастысы – жауапкершілік. Мемлекеттің тағдыры сенің қолыңда екенін түсу керек», — деді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол жауапкершілік болған жерде тәртіп болатынын атап өтті.

«Менде біздің тұңғыш президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан ақылдасу мүмкіндігі бар. Кеңес сұраудан ұялмаймын. Қазақтарда билік транзиті осылай жүреді деп есептеймін», — деді мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз:  «Ұят»: Назарбаев ЕАЭО елдеріне ұсыныс айтты

Мемлекетті 30 жыл басқарған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызында өкілеттігін тоқтатқан болатын.

Бұған дейін сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаев президент болды.

Президент сайлауы 

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Мемлекет басшысы лауазымына жеті адам таласады:

  • «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.



sputniknews.kz