Тоқаев Назарбаевқа қандай талап қойғанын айтты

0
1109

2001 жылы үкімет қызметкерлері премьер-министр Қасым-Жомарт Тоқаевқа айтпай «саясатқа араласып», терең демократиялық өзгерістер қажеттігін мәлімдеген

Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан көп жыл бұрын премьер-министр болған кезінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қандай талап қойғанын айтып берді.

«Тарихымызда бір оқиға болған еді. 2001 жылдың аяғында кворум құрылып, құрамына жастар кірді: үкімет, министрліктер мен ведомстволар қызметкерлері. Олар маған айтпай саясатқа араласып, бізге терең демократиялық өзгерістер қажет деп мәлімдеді, яғни, менің ойымша, қазіргі тілмен айтқанда «түсті төңкеріс» жасамақ болды», – деді Тоқаев «Ресей» телеарнасына берген сұқбатында.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Қазақстан президенттігіне бірнеше кандидатты қарастырған

Оқиғаны білген кезде Тоқаев Елбасыға талап қойыпты.

«Не мені, не жастарды таңдаңыз. Президент оларды отставкаға жібермесе, мен өзім отставкаға кетемін», – дедім. Президент сол кезде менімен келісіп, жастарды отставкаға жіберді», – деп ойын түйіндеді Тоқаев.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның премьер-министрі лауазымын 1999 жылдың қазанынан 2002 жылдың қаңтарына дейін иеленді. 2019 жылдың наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған соң, Тоқаев Қазақстан президенті болды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев биліктің кімге мұраға қалатыны туралы айтты

sputniknews.kz