Тоқаев Назарбаев туралы: оның еңбегі ұмытылмауы керек

0

Республика күні Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін атап өту маңызды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мереке қарсаңында мемлекеттік наградаларды тапсыру салтанатында айтты. 

Сөз сөйлеу барысында Мемлекет басшысы өзара қолдау мен ынтымақтастық, жоғары мақсаттарға ұмтылу ғана еліміздің беделін арттыруға және көгілдір төлқұжатымызды танымал әрі беделді етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Бір-біріне құрметпен, мұқият және қамқорлықпен қарау керек. Біз кез-келген қиындыққа төтеп беріп, Отанымыздың игілігі үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Біз ертеңгі күнге сенімді қарап, азаматтарымыз бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін әділ Қазақстанды бірге құруымыз керек. Адамдар барлық салада әділеттілікті күтеді. Ол үшін әркім, ең алдымен, өзінен бастауы керек. Сонда қоғам да, бүкіл мемлекеттік жүйе де әділ болады. Бұл мерекеде еліміз үшін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегін де атап өту керек»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Тұңғыш президент қазіргі қазақ мемлекеттілігін қалыптастыруда шешуші тарихи рөл атқарды, сондықтан оның еңбегі ұмытылмауы керек.

Фото: Мухтар Холдорбеков / Reuters