Тоқаев Намаевты қызметінен босатты

0

Бақытжан Намаев бұл қызметте бір жылдан аз уақыт қана болды. Президент өкімімен қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір — Sputnik. Бақытжан Намаев президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Бахытжан Билялұлы Намаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды», — деп хабарлайды Ақорда сайты.

Өткен жылдың 2 сәуірінде Намаев Қызылорда әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Ол өңірдегі агроөнеркәсіп кешені мәселелерін шешуге жауапты еді. Алайда бұл лауазымда 21 күн ғана болып, президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды. 

Тағы оқыңыз: Тоқаев телеарналар арқылы мәлімдеме жасады – толық мәтін



sputniknews.kz