Тоқаев Мырзағалиев пен Сұлтановты министр қызметіне тағайындады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мағзұм Мырзағалиевті экология, геология және табиғи ресурстар министрі етіп, Бақыт Сұлтановты сауда және интеграция министрі етіп тағайындады.
Тоқаевтың жарлығы 17 маусымда Ақорда сайтында жарияланды.
Бұған дейін парламент мәжілісі Мырзағалиев пен Сұлтановтың кандидатурасын мақұлдаған.
Мырзағалиев «Тұран» университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол бұған дейін газ және мұнай министрінің, энергетика министрінің орынбасары болған. Ал Бақыт Сұлтанов бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болған.