Тоқаев мырза, Назарбаевтың 3-ұрпағы миллиардер болады, ал 2,5 млн. адам кедей
Тоқаев мырза! Елбасының үшінші ұрпағы жақында миллиардер болады, ал 2,5 миллион отандастарымыз әлі күнге дейін кедейлікпен өмір сүріп жатыр.Тоқаев Елбасының саясатын жалғастыруға уәде берді. Германияда екі миллион миллионер бар. Мемлекеттің 30% байлығы олардың меншігінде. Ал бізде мемлекеттің 55% байлығы санаулы адамдардың қолында. Біздің олигарх Ким бір жылда 1,4 миллиард доллар табыс алды. Осындай ақшаны бізде жылына миллион зейнеткер алады. Бір адамның табысы бізде миллион адамның табысына тең. Тоқаев мырза, сіз осы саясатты жалғастырасыз ба?
Сіздің резиденцияңыз АҚШ-тың Ақ үйінен жеті есе үлкен. Америкадан қаншалықты баймыз? Қытай Елбасы ұшақты арендаға алады. Керек емес кезде сол ұшақпен қарапайым жолаушылар пайдаланады. Ал бізде бір президенттің өзінде бес жеке ұшағы бар. Бір ұшақтың өзі 100 млрд теңге тұрады. Осы ақшаға жүз мектеп пен балабақша неге салмасқа?
Неге бай Германияда тест тегін, ал біз оған ақша төлейміз? Сайлаудың алдында мемлекеттік аймақтарының жартысы сары зонада тұрды.
Ресейде митингілер басталған кезде біздің аймақтар светофор сияқты қызылға өзгерген? Бізде пандемия саясатқа бағына ма? Біз 30 жыл бойы жаппай экспериментте өмір сүріп жатырмыз.
Жақында өзіне вакцина салам дедіңіз. Байден жарнамасыз бірінші болып өзіне вакцина салдырды. Осымен өз отандастарына үлгі көрсеткен.
Бізде төменгі айлық жүз доллар болса, ал Байден шенеуніктерге күніне 125 доллар төлейді.
Тоқаев мырза! Сіз осы екі жылдың ішінде бірде-бір уәдені орындамадыңыз. Байден болса барлық уәдені бірінші күнде орындады. Мигранттарға азаматтық алуға жеңілдіктер жасады және климат жөніндегі Париж келісіміне оралды.
Бізде байдың балдары көбінесе генерал немесе министр болып шығады. Ал АҚШ президентінің әйелі қарапайым мұғалім болып жұмыс істейді.
23 наурыз күні он жыл бұрын мерекеге айналған. Осы күнде Болат Назарбаев туылды. 7 мамыр — ерлер күні. Осы күнде Дариға Назарбаева дүниеге келді. Оның елу жылдығына осы күн мерейге айналды. Неге? Қонаев Қазақстанды дамытқан. Бірақ оның туған күнін атап өтпейміз. Ал Назарбаевтың туған күнін 6 шілдені бәрі біледі. Осы күнді мейрам ретінде өткіземіз. Онымен қоса бірінші желтоқсанда тұңғыш президентке арналған мейрамды өткіземіз. Ол мүлдем дұрыс емес. Солтүстік Кореяда диктатордың туған күні мейрамға айналған. Бізде болса мейрам күндері Елбасының өмірінен емес халықтың өмірінен алынуы керек. Елбасы біз сияқты адам, оны жағымпаздар биікке апарған. Сол себептен бізде Өзбекстандағыдай сияқты жағымпаз шенеунік пен депутаттарды жазалау керек. Жағымпаздар өздерін ұятқа түсіреді және халықты әлемге масқарылайды.
Биыл бізде төменгі айлық 42 500 теңге өзгеріссіз қалды. Бірақ май, үн, жұмыртқа жарты есе өсті. Төменгі айлық аспаннан алынады ма? Алматы зообақшасының өзінде маймылға айына тамаққа 74 мың теңге жұмсалады. Ол төменгі айлыққа қарағанда екі есе көп. Онда адам жануарлардан кем тамақтану керек пе?
Біз Латвиямен бірге егемендікті алдық. Осы мемлекетте біздей сияқты мұнай жоқ. Бірақ Латвияда студенттің стипендиясы 200 евро болса, бізде осы акшаны мамандар алады. Карантин болған кезде әр балаға 500 евродан берді, ал бізде ноль. Мемлекет бізге ақша жоқ, бірақ сіздер шыдандар деп айтады. Сол себептен біздің мамандар басқа елге қоныс аударады. Қазір көбісінің түсінігі бойынша егер Қазақстаннан кетсең, әйтеуір жетістікке жетесің.
Америкада айлықтан тамаққа 6% жұмсалса, ал бізде оған жартысы кетеді. Ол жерде азық-түліктің бағалары бізден шамалы ғана қымбат. Біз бір жылда табатын айлығымызды олар бір айда табады. Біз тек тамаққа жұмыс істейміз. Бұл адамның емес құлдың өмірі. Біздің өмір Гондурас сияқты деп айтқым келеді. Бірақ Гондураста ең төменгі айлық бізге қарағанда үш есе көп. Шын мәнінде біз түбіне дейін жеттік.
Біздің спикер ашаршылықты көрмей қалай оған баға береді? Кремльге жалтақтамай жүрмейік, әйтпесе мойынға шығып алады. Никонов пен Федоров оған дәлел. Америкаға Алясканы қайтар деп айтуға қорқады, өйткені олар бірден санкцияға ұшырауы мүмкін. Көп сөйлемей неге біз осылай жасамадық? Биыл солтүстікте қалалардың аттарын тездетіп ауыстыру керек. Қандастарымызға осы қалаларда барлық жағдай жасау керек.
Жақында евродепутаттар бізде адам құқықтар бұзылады деп резолюция шығарды. Біздің билік келіспеді. Бірақ ең бастысы халық евродепутаттармен келісті. Бізде құқық жоқ, теқ қана міндеттер мен штраф. Неге біздің құқықтарымызды казақстандық емес шетелдік депутаттар қорғайды? Біздің депутаттарға осы үшін ұят болу керек шығар? Регистрациядан кейін менің байланыс телефоным істемейді, артынан аңдап жатқандай сезіп турамын, ал Әлия Назарбаева заңсыз түрде меңің кітабымды «Томиристі» көшіріп киноадаптация шығарды. Сол себептен евродепутаттар дұрыс айтады: «Бізде құқық жоқ».
Нью-Йоркте бір шаршы метр жүз мың доллар тұрады. Бірақ 160 жыл ішінде мемлекеттік парктің бірде-бір шаршы сантиметрі сатылмады. Ал бізде Шымбұлақ пен Медеу паркінде жүздей жеке сарайлар салынған. Бір спортшы тікелей эфирде шыдамай дұрыс айтты: «Қазақстанда бәрі сатылады».
Нью-Йорк әуе жайы стратегиялық маңызды объект деп есептеледі. Сол себептен ол мемлекеттің меншігінде. Бізде Алматыдағы әуе жайын Назарбаевтың күйеу баласы жақында түріктерге сатты. Бәрін сатып бітірді. Тек бізді сатуға қалды.
Бүкіл әлемге танымал Nike қалаушысы бұрын өзі стадиондарға барып аяқ киімді сатқан. Осылай ол өз терімен миллиард доллар тапқан. Бізде ше, мемлекеттік КазМунайГаз заправкаларды айналдырады, кейін дайын бизнесті біреуге сыйлық ретінде береді.
Бізде қайтыс болған адамның қарыздарын банк оның туысқандарына жабады. Ал неге зейнетақымен солай өтпеске? Банк пен застройщиктер өздерінің қалтасын толтыру үшін күдікті бағдарламаны табады. Мысалы, қазір үйді зейнетақы қоры арқылы сатып алуға болады. Көбісіне тек шаршы сантиметр алуға шамасы жетеді. Бірақ ажиотаж бағаларды өсірді. Байғұс халық үлкен кредит алады, банкке құл болады. Ал застройщиктер мен банкирлер қалталарын толтырады.
Дариға жастарға үйге байланба деп кеңес берді. Онда неге өзінде Лондонда сарайлар бар? Осындай кеңесті Қонаев пен Меркель айта алады. Олар қарапайым адамдар сияқты үш бөлмелі пәтерде өмір сүрді.
Швейцария мен Австрия президенттері кәдімгі метромен жүрсе, бізде әкім эскортпен жүреді. Германияда егер Меркель пробканы жасаса, оған штраф салады. Біздің әкімдерімізді осылай тәрбиелеу керек, тығыс автобусқа отырғызып.
Әлемде ең бай адам Безос басында клиенттерге өзі ескі көлікпен тауар апаратын. Ескі есіктен өзіне үстел жасаған. Осылай өзі екі жүз миллиард доллар тапқан. Былтыр Безостың компаниясының акциялары екі есе өсті. Біздің зейнетақы қорының ақшасын Әзірбайжанның банкрот банкісіне салғанша, Безосқа салу керек еді. Қазір бізде екі есе ақша көп болатын еді. Біздің елшілер өздері бір-де бір тиын таппай халықтың ақшасын талан таражға салды. Олардың жарты мың көлігі 20 млн доллар тұрады. Кедей Эфиопияда біздің елшілігінде теқ қана бір көлік 150 мың доллар тұрады. Ол осы мемлекетпен тауар айналымына тең. Неге Франция президенті Олланд сияқты 30 мың долларлық машинада жүрмейді?
Біздің шенеуніктер теқ қана ақшаны жаратуды біледі. Біздің депутаттарды Пекин мен Хилтонға жатқызды. Осы қонақ үйлерде бір тәулік құны — жүз доллар. Халық болса, карантинде осы ақшаға бір ай бүкіл отбасымен тұру керек еді. Олар тағы 300 мыңға белгі алды. Ол олимпиадалық алтын медальдан бір жарым есе қымбат. Парламентте 107 орын болса, белгінің саны 80 болып дайындады. Кім депутат болатынын алдын ала білді ма?
Бафеттің байлығы 85 миллиард доллар, бірақ оның қолыңда 20 долларлық телефон. Біздің қала әкімінің сағаты 5 мың доллар тұрады. Билл Гейтс пен Буштың қол сағаттары 10 доллар ғана тұрады. Бізде өзі қандай менталитет?
Тоқаев мырза! Қазақстанда қанша адам тұрса, сонша адам Нью-Йоркте тұрады. Бірақ қала әкімі барлық бағыныштылар ымен бір залда отырады. Ал сіздің резиденцияңыз Франция президентінің Елисей сарайынан 3 есе үлкен.
Кедей деп айлық жалақысы 150 доллардан кем адамды айтады. Ал бізде көбісінде бұндай жалақы бір адам үшін емес отбасы үшін. Нонсенс, сол жалақыдан олар салық төлейді. Олигархтар болса, ұсақ-түйек салық немесе мүлде салық төлемейді. Мысалы, біз алтын өндіру бойынша Өзбекстанды қуып жеттік. Бірақ ол Өзбекстан үшін экспорттың жартысын құраса, бізде бюджетке тек шағын бөлігі ғана түседі. Алайда алтын бағасы өндіріс шығысынан 3 есе үлкен.
Жақында бір американдық отбасы заңсыз түрде ағашты (емен) кескені үшін 858 мың доллар штраф төледі. Алматыда 10 есе көп кесілген ағаш үшін төленген штраф көлемі тоңазытқышпен тең. АҚШ-та бұл мәселені жергілікті эколог шешсе, бізде бұнымен президент жеке араласты. Қазір штраф көтерілді, бірақ тым кеш, барлығы кесілді. Бірінші жасаймыз, одан кейін ойлаймыз. Жасыл экологиямыз жасыл долларға үнемі бағынады.
Тоқаев мырза! 30 жылда кедейлеріміз тамақ үшін күресетін, ал байларымыз тамаққа тоймайтын қоғам құрылды. Сіздің бұл мәселеге деген немқұрайлығыңыз таңғалдырады. Дұшпан өлтіріп кетеді, дос сатып кетеді, ал немқұрайлық екеуіне де алып келеді. Жаңаөзенде болған оқиға осыған дәлел.
Ержан Орымбетов, Facebook парақшасынан