Тоқаев мырза, Әшімбаев орнынан босатылсын – қоғамдық белсенді

0

«Ашаршылық Құрбандары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рамазан Құрманбаев мемлекет басшысынан Әшімбаевты орнынан босатуды сұрады.

«Тоқаев мырза! ХХ-шы ғасырдағы қазақтың 70 пайызы қырылған қолдан жасалған алапат ашаршылықты жоққа шығарушы — Әшімбаев орынтағын босатсын!» деп талап қойды Р.Құрманбаев.

«Әшімбаев өз ұлтын басынып, рухын таптап, қасіретті тарихымызға топырақ шашып отыр» дейді «Ашаршылық » деректі фильмінің сценарий авторы Рамазан Құрманбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ашаршылыққа байланысты жиында сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев: «Ашаршылық тек қазақ халқының ғана басына түскен нәубет емес, бұл барша адамзаттың алапат гуманитарлық қасіреті деп айтуға болады. Сол себепті, ашаршылық тақырыбын саясиландырмай, ең алдымен, оған ғылыми тұрғыдан қарағанымыз абзал» деген болатын.