Тоқаев мереке күніне қатысты тапсырма берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Егер мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, келесі күн демалыс болып саналады. Президент дүйсенбі күні барлық мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс күні болуы тиіс екенін айтты

​Қазақстандықтар наурызда 8 наурыз және Ұлыстың ұлы күні мейрамдарында демалады. Мереке күнінен кейінгі дүйсенбі демалыс саналады.

Биыл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, 9 наурыз – дүйсенбі демалыс болады. Осылайша 3 күн қатарынан демалыс беріледі.

Тағы оқыңыз: «Шешім қабылдадым»: Тоқаев неден бас тарту керек екенін айтты

21-23 наурызда елімізде үш күн Наурыз мейрамы тойланады. Бұл мерекенің екі күні – 21 және 22 наурыз демалыс күндеріне түсетіндіктен, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 5 күн қатарынан (21-25 наурызда – Sputnik) демалу мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен, 1, 14, 15, 28 және 29 наурыздағы барлық демалыс күндерін қоса алғанда қазақстандықтар көктемнің алғашқы айында 13 күн демалады.



sputniknews.kz