Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Бүгін Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлерінің қатысуымен үкіметаралық кеңестің отырысы өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғыз еліне барады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды Қазақстан үкімет басшысының баспасөз қызметі.

«Күзде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары болжануда. Сапар қарсаңында бүгінгі отырыс өтіп жатыр», — деді Мамин.

Айта кетейік, осы жылдың маусымында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкекке барған. Бұл – мемлекет басшысының ұлықтау рәсімінен кейінгі шетелге алғашқы сапары. ШҰЫ аясында өткен кездесуде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Тоқаевты өз еліне мемлекеттік сапармен шақырған болатын.

Сонымен қатар бүгін, 12 шілдеде Қазақстанның үкімет басшысы Асқар Мамин қырғыз еліне ресми сапармен барды. Ол Қырғызстанның премьер-министрі Мұхаммедқали Әбілғазиевпен кездесті. Кездесу барысында қос елдің үкімет басшылары қырғызстандық ауыр жүк көліктері үшін рұқсатнамалық тәртіпті ырықтандыруға келісті.

 



sputniknews.kz