Тоқаев Мәскеудегі әскери парадқа қатысты

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған шеруге қатысты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Астана уақытымен сағат 13:00-де Мәскеуде Жеңіс күніне арналған әскери шеру басталды. Ол Қызыл алаңда өтіп жатыр.

Шерудің басынан түсірілген кадрларды Кремльдің баспасөз қызметі жариялады. Олнда Ресей президенті Владимир Путин шетелдік қонақтармен бірге көрсетілген. Олардың қатарында Қасым-Жомарт Тоқаев, Эмомали Рахмон, Александр Лукашенко, Садыр Жапаров, Шавкат Мирзиёев және Никол Пашинян бар.