Тоқаев Марат Тәжинді қызметінен босатты

Саясат
Қысқа сілтеме алу
Марат Тәжин биыл наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған еді
НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік хатшы Марат Тәжинді қызметінен босатты. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.
sputniknews.kz