Тоқаев маңызды заңға қол қойды

0

2019 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің өсімі жоспарланған 3,8% деңгейінде болады деп күтіліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Президент бюджетке өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды.

«Мемлекет басшысы «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы» заңына қол қойды», — деп жазылған Ақорда сайтында.

Бюджетке қандай өзгеріс енгізілді

Заңды әзірлеу кезінде 2019 жылы елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіші есепке алынған. 

Жыл басынан бері экономика дамуының қарқынын еске отыра, 2019 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімі өсімінің көрсеткіші жоспарланған 3,8% деңгейінде болады деп күтіліп отыр.  

2019 жылы мұнайдың бағасы барреліне 55 доллар деңгейінде болады деп болжанған. 

Қазақстан Ұлттық банкінің болжамына сәйкес, жылдық инфляция дәлізі 4-6% шамасында сақталады. 

Бюджетті нақтылаудың басты мақсаты — әлеуметттік саладағы маңызды мәселелерді қаржыландыру, алдағы жылдары экономиканың өсуіне ықпал ететін мүмкіндіктер табу, 2019 жылдың соңына дейін туындайтын мәселелерді шеуге үкіметтің қажетті қорын қамтамасыз ету. 

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы екі заңға қол қойды

Үкіметтің мәліметіне сәйкес, бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін шығындар қайта қаралады. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 айындағы бюджет түсіміне түзетулер енгізіледі. 2019 жылы бюджет өсімі 95 миллиард теңге болады. 

Әлеуметтік сала шығыны 5,4 триллион теңге немесе шығынның жалпы көлемінің 44,9%-і. Өсім — 6,7 миллиард теңге.



sputniknews.kz