Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін мерекемен құттықтады
Қысқа сілтеме алу
Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 2013 жылдың мамырынан бері аталып өтеді
НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер шығармашылық жетістіктеріңізбен Қазақстанның атын дәріптеп, ұлттың өнегелі мәдениетін қалыптастыруға, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани мұраны сақтауға үлес қосып келесіздер. Шабыт және табыс тілеймін!», — деп жазды президент Twitter-де.
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 2013 жылдан бері 21 мамырда аталып өтеді. Дәл сол күні Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мерекелік датаны бекіту туралы жарлыққа қол қойған еді.
Тағы оқыңыз: «Көкіректі қашанғы қаға береміз»: Бесбаев қазіргі қоғам жайлы ойымен бөлісті
Бастапқыда бұл мереке 1998 жылы бекітіліп, қыркүйектің соңғы жексенбісінде тойланды. Алайда 2013 жылы мереке датасы 21 мамырға ауыстырылды.
Мәдени-тарихи құндылықтарды қалыптастыру, дамыту мен сақтауда мәдениет және өнер қызметкерлері маңызды рөл ойнайды.
Қазақстанда кәсіби мерекелер демалыс күні болып саналмайды.
sputniknews.kz