Тоқаев Лукашенкоға әзілмен жауап берді

ТМД басшыларының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь басшысына әзілмен жауап берді.
Отырысты қорытындылай келе ел Президенті құжаттарға қол қою рәсімін бастауды ұсынған еді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіз неге жария етпедіңіз! Біз бас хатшыны таңдап қойдық, ал сіз жарияламадыңыз?, – деді Беларусь Президенті Александр Лукашенко.
Тоқаев әріптесінің бұл сөзіне әзілмен жауап қайтарды.
Александр Григорьевич, енді сіздің төрағаны сынайтын сүйікті ісіңіз бар ма?, – деп әзілдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кейін Мемлекет басшысы ТМД атқарушы хатшысының лауазымы өзгеретінін айтты.
Қазір қол қол қою рәсімі өтіп жатқан кезде мен сіздерге ТМД-ның атқарушы хатшысының лауазымының ТМД бас хатшысы деп қайта атау туралы талқылағанымызды айта кетейін, — деген Қазақстан басшысы.