Тоқаев Лавровты «Барыс» орденімен марапаттады
Қысқа сілтеме алу
«Барыс» ордені Лавровқа Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты ынтымақтастық және стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан үлесі үшін табысталды
НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровты «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.
Орден Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты ынтымақтастық және стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.
«Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Викторович Лавров І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын», -делінген хабарламада.
Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тағы оқыңыз: Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті
Айта кетсек, Тоқаев пен Лавров әртүрлі жылдары бір университетте – Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында оқыған. Екеуі де саяси карьерасында елші, министр және дипломатиялық қызметкер қызметін атқарды.
sputniknews.kz