Тоқаев Кремльдегі келіссөзден кейін түскен суретін жариялады

Қысқа сілтеме алу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кремльдегі келіссөзден кейін түскен суретімен бөлісті
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір — Sputnik. Президент Twitter парақшасында ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов, Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов және Президент әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаевпен бірге түскен суретпен бөлісті.
Кремльдегі келіссөздерден кейін
Сондай-ақ фотодан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов пен Президент көмекшісі Тимур Сүлейменовті аңғаруға болады.
Тағы оқыңыз: Тоқаев алғашқы ресми сапарын Ресейден бастады
Қасым-Жомарт Тоқаев 3 сәуір күні Мәскеуге барған болатын. Бұл – президент лауазымындағы оның алғашқы шетелдік сапары. Қазақстан президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізді.
sputniknews.kz