Тоқаев коронавирустың екінші толқынының қаупі туралы ескертті — Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында коронавирусқа байланысты қазақстандықтарға тағы бір рет жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. Коронавирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растады», — деп жазды мемлекет басшысы.
Ол қазақстандықтардан санитарлық талаптарды сақтауды сұрады.
«Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстанда 3 маусым күні болған мәліметтер бойынша, коронавирустың расталған жағдайларының саны 11 796-ны құрады, 6240 адам сауығып, 48 пациент көз жұмды.
stan.kz