Тоқаев коронавирус пандемиясы жайлы пікір білдірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия деп жариялағаннан кейін аталған ахуал жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев

Бұл туралы президенттің Twitter-дегі парақшасында жарияланды. 

«ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс», — деп жазыпты Тоқаев. 

Сондай-ақ мемлекет басшысы қазақстандықтардың денсаулығы бірінші орында екендігін атап өтті.

«Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды бірге еңсереміз», — деп қосты президент. 

Еске салайық, бұған дейін ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялағаны айтылған еді. 

stan.kz