Тоқаев көпбалалы және мүгедек адамы бар отбасылардың несиесін жабуға тапсырма берді

0

Президент қиын өмірлік жағдайда қалған отбасылардың несиелік қарыздарын жабуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Тоқаев көпбалалы және мүгедек адамы бар отбасылардың несиесін жабуға тапсырма берді

«Қазақстан Республикасының үкіметі бір реттік негізде екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында тұтынушылық несиелерді төмендегідей жағдайларда өтеу бойынша шаралар қабылдайды:

1) осы қарыздар бойынша қарызы өтелетіндер қатарына — көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылуына байланысты төлемдер алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын 18 жасқа толған бала күнінен мүгедектер; жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, дар, кәмелет жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқандар;

2) 2019 жылғы 1 маусымдағы есеп бойынша, несиенің жалпы сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;

3) 2019 жылғы 1 маусымдағы есеп бойынша, негізгі борыштан және есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін қарыздың мөлшері бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайды.

Қазақстан Республикасының үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

1) 2019 жылғы 1 шілдедегі есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша банктерде және микроқаржы ұйымдарында өтелмеген несиелері бар Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару үшін шаралар қабылдау;

2) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстардың әкімдерімен бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қаржы ұйымдарының жауапкершiлiгiн күшейтуге бағытталған нормативтiк шаралар кешенiн қабылдайды, оның iшiнде:

1) 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғалардың кепілсіз өтелмеген барлық несиелері бойынша қарызды беру мен қызмет көрсетуге байланысты айыппұлдарды, комиссияларды және өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салу;

2) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға несие беруге тыйым салу;

3) кепілсіз тұтынушылық несиелер беруде қосымша реттеу шараларын қарастыру;

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне жүктеледі.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

stan.kz