Тоқаев көпбалалы отбасыларды қолдау туралы заңға қол қойды
Қысқа сілтеме алу
Заң Қазақстандағы мұқтаж отбасыларды қолдаудың жаңа шараларын қарастырады
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір — Sputnik. Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіретін заңға қол қойғанын хабарлады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мұқтаж отбасыларды қолдау жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған.
Атап айтқанда, құжат атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 процентіне дейін ұлғайтуды көздейді. Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасылардағы әрбір балаға 20789 теңге (55 доллар) мөлшерінде төлем жасауға шешім қабылданды, мүгедек балалары бар отбасылар үшін жәрдемақы көбейді.
sputniknews.kz