Тоқаев карантин кезінде қандай кітаптар оқып жатқанын айтты

0
46

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

11 0 0

Қазақстан президенті карантин кезінде уақытты барынша тиімді пайдалануға кеңес беріп, кітаптардың тізімін бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын қабылдап, қазір оқып жатқан кітаптардың тізімін ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қазіргідей елең-алаң уақытта баршаңыздың күнделікті тіршіліктеріңіз өзгеріске ұшырағаны белгілі. Пандемиядан қорғанудың бірден-бір жолы – әлеуметтік оқшаулану, яғни үйде болу екенін жаһан жұртшылығы мойындап отыр. Әрине, бұл – уақытша құбылыс, өтпелі кезең. Дегенмен, осы уақытты барынша тиімді пайдалану – әрбір адамның өз қолында», – деп жазды Тоқаев Instagram парақшасында.

Мемлекет басшысы алтын уақытты пайдалы істерге жұмсаған жөн деп санайды.

«Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды осындай пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн», – деді ол.

Президенттің карантин кезінде оқып жатқан кітаптары мен газет-журналдарының тізімі:

  • Жүсіп Баласағұн. Құтты билік.
  • Абай Құнанбаев. Хикмет кітәбі. Книга мудрости. Book of wisdom.
  • Winston Churchill. The Second World War. Volume III. The Grand Alliance.
  • Тұрсын Жұртбай. Құнанбай.
  • Ерлан Сыдыков. Кунанбай.
  • Адам Туз. Крах. Как десятилетие финансовых кризисов изменило мир.
  • Алек Росс. Индустрии будущего. The Industries of the future.
  • Кевин Келли. Неизбежно. 12 технологических трендов, которые определяют наше будущее.
  • Parag Khanna. The Future is Asian.
  • «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Turkistan»және т.б. газеттер, «Жұлдыз» журналы.

Тоқаев эстафетаны барша отандасқа, әсіресе, жастарға жолдайтынын айтып, осы әдебиеттерді оқуға кеңес берді.



sputniknews.kz