Тоқаев халықты мазалап жүрген мәселеге қатысты пікір білдірді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Президент әлеуметтік желілерді қалай пайдаланатынын айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев интернетті шектеуден ешбір пайда болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бұл – күрделі сұрақ. Бірақ қазіргі заманда ұлу сияқты бір қабыршақтың ішінде қалып қоюға болмайды. Бәрібір адамдар айналма жол тауып, үлкен желіге шығады. Біздің өз шындығымыз болуы керек. Соны әлеуметтік желілер арқылы жеткізе білуіміз керек», — деді Тоқаев «Президент 2.0» фильмінде.

Президент әлеуметтік желілерді қалай пайдаланатынын айтып берді. Twitter арқылы халыққа көп нәрсені жеткізуге болады, Instagram да жақсы жүріп кетті, дейді ол.

Тағы оқыңыз: Тоқаев діни ұстанымы туралы сұраққа жауап берді

«Әлеуметтік желілер – бұл өмірлік шындық. Сонымен бірге әлеуметтік желілер шенеуніктерді халыққа жақындатады. Ол да – шындық. Үшіншіден, жастардың бәрі әлеуметтік желіде отырады. Айтпақшы, қазіргі жастар теледидар көрмейді. Оны біздің буынымыз, сосын үйде отырған әйелдер ғана көретін шығар. Мен өзім теледидарды аз көре бастадым», — деп атап өтті Тоқаев.



sputniknews.kz