Тоқаев Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың отбасымен кездесті

0
49

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Мемлекет басшысы Байтасовтың өз ісіне адал болғанын, оның ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың отбасымен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы батырдың отбасы тұрып жатқан үйге барды. Қазақстан президентіне қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасовтың құрметіне қойылған ескерткіш тақта, оның фотосуреттері, медальдары мен жеке заттары көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманының жұбайымен және ұлдарымен әңгімелесу барысында Ғазиз Байтасовтың өте жауапты әрі қиын сәтте өз ісіне адал болғанын, оның ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды 

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Тоқаев Тараз қаласында өндіріс және мәдени орындарда болып, облыс жұртшылығымен, еңбек ұжымдарымен, жастармен кездесуді жоспарлап отыр.



sputniknews.kz