Тоқаев Grammy жеңіп алған Иманбекті құттықтады

0

Берік Уәли мемлекет басшысының музыкант Иманбек Зейкеновтің Grammy музыкалық сыйлығын алғаны туралы жаңалықты зор қуанышпен қабылдағанын жазды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілгені жайлы жаңалықты зор қуанышпен қабылдады.

Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді», — деп жазды Уәли Facebook парақшасында.

Еске салсақ, қазақстандық музыкант және диджей Иманбек Зейкенов «Грэмми» сыйлығын жеңіп алды.