Тоқаев Grammy жеңіп алған Иманбекті құттықтады

© Sputnik / Абзал Калиев
Берік Уәли мемлекет басшысының музыкант Иманбек Зейкеновтің Grammy музыкалық сыйлығын алғаны туралы жаңалықты зор қуанышпен қабылдағанын жазды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілгені жайлы жаңалықты зор қуанышпен қабылдады.
Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді», — деп жазды Уәли Facebook парақшасында.
Еске салсақ, қазақстандық музыкант және диджей Иманбек Зейкенов «Грэмми» сыйлығын жеңіп алды.