Тоқаев Франция президенті Макронға көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға көңіл айту жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.