Тоқаев есірткі саудасымен айналысатындарды өмір бойына түрмеге қамауды ұсынды — новости Казахстана

0

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев есірткі саудасымен айналысатындарды өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды. Мұндай мәлімдемені Қазақстандағы балалар кұқықтары жөніндегі омбудсмен және сенатор Сауле Айтпаеваның кәмелет жасына толмағандарға арналған психотроптық заттардың қолжетімдігі туралы баяндамасынан кейін білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото с сайта ttfrk.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото с сайта ttfrk.kz

Балалар омбудсмені кәмелет жасына толмағандарға есірткіні ашық түрде сататындағына баса назар аударды.

Оның мәліметінше, елімізде 52 мың тұрғын есірткіге тәуелді. Олардың 3 мыңы – балалар. Еі кішісінің жасы 7-де.

Осы жылдың өзінде оңтүстік астанамызда 18 кәмелетке толмаған бала тіркелген.

Сауле Айтпаева бұл деректер әлі де өсуі мүмкін екенін жасырмады. Себебі медициналық орталықтардан барлығы дерлік көмек сұрамайды екен.

Есірткілер ашық түрде сатылатынын, оларды Интернеттен оңай тауып алуға болатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселе бойынша өз ойын білдірді. Оның пікірінше, есірткі бизнесі терроризммен бірдей. Ол қылмыстың осы түрлері үшін жазаны ауырлатуды ұсынды. Есірткі саудасымен айналысатындары өмір бойына бас бостандығынан айыру керек екенін жеткізді.

«Немесе одан да ауыр жаза берілу керек. Себебі ол мемлекеттің ұлттық мүдделерімен байланыста. Террористік қылмыстан кем түспейді», — деді спикер.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар