Тоқаев Есімовті Ақордаға не үшін шақырды

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

10 0 0

Ахметжан Есімов мемлекет басшысына компанияның қазіргі ахуалы, жекешелендіру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп берді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Ахметжан Есімов мемлекет басшысына компанияның қазіргі ахуалы туралы баяндады. Айтуынша, дағдарыс пен карантин басталғалы бері «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына қарасты өндіруші кәсіпорындарда жұмыс орындарын қысқартуға, еңбекақыны кешіктіруге жол берілмеген.  

«Қор мен компаниялар тобының қаржылық тұрақтылығын күшейту жөніндегі бұған дейін жүргізілген шаралар өткен жылдарда жиналған сыртқы қарызды 8 миллиард долларға азайтуға мүмкіндік берді. Бұл 1 триллион теңге көлемінде қаржы шығынының алдын алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар 1 миллиард доллар болатын күрделі әрі операциялық шығындар оңтайландырылды», — деді Есімов. 

Ақорданың хабарлауынша, қор президенттің сатып алу жүйелері арқылы ел экономикасына қолдау көрсету жөніндегі тапсырмаларын орындайды. Биыл жыл басынан бері «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы 250 мыңға жуық адам жұмыс істейтін отандық кәсіпорындарға 9 мың тапсырыс берген. Бұдан бөлек қазақстандық кәсіпорындарды қолдау және жаңа өндіріс орындарын ашу бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Кездесуде Ахметжан Есімов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жекешелендіру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп берді.

Оқи отырыңыз: Індет жұқтырғандар саны артып барады – Тоқаев

 



sputniknews.kz