Тоқаев Ердоған мен оның жұбайына тезірек сауығып кетуін тіледі

0
111

Мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісінде кезекті жазба жариялап, Түркия президенті мен оның жұбайына тезірек жазылып кетуін тіледі.

«Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен оның жұбайының «Омикрон» вирусынан тезірек сауығып кетуін тілеймін», — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетсек, бұған дейін Түркия көшбасшысы әйелі екеуінен коронавирустың «омикрон» штамы анықталғанын хабарлаған еді. Кейін елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа ауру жеңіл өтіп жатқанын, алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтты.