Тоқаев елордалық хоккейшілерді тамаша жеңісімен құттықтады

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

«Барыс» хоккей командасы Қазақстан президенті кубогын ұтып алды

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы президенті кубогын жеңіп алған елордалық «Барыс» командасын құттықтады.

«Барыс» хоккей командасы халықаралық клубтық турнирде дәстүрге айналған Президент кубогын ұтып алды. Хоккейшілерді және жаттықтырушыларды тамаша жеңістерімен құттықтаймын!», — деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы шайбалы хоккейден 10-шы мерейтойлық халықаралық турнирдің ашылу рәсіміне қатысып, «Барыс» пен қазандық «Ак Барс» арасындағы ойынды тамашалаған еді. Бұл ойында елордалық команда «Ак Барсты» ойсырата жеңді – 6:1.

Тағы оқыңыз: Тоқаев «Барыстың» матчына барып, «Ак Барсты» қалай ойсырата жеңгенін тамашалады 

«Барыс Арена» мұз сарайындағы турнир 8-11 тамыз аралығында өтті. Оған «Барыс» пен «Ак Барстан» бөлек, «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Автомобилист» (Екатеринбург) және «Салават Юлаев» (Уфа) қатысты.



sputniknews.kz