Тоқаев елордада жастармен кездесіп жатыр

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Президент қазақстандық жастармен кездесу үшін елордадағы ЭКСПО кешеніне келді. Тоқаев Қазақстан-Ресей жастар ынтымақтастық форумында 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялаған еді

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылуы мен Волонтер жылының ашылуына арналған шараға қатысып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент қазақстандық жастармен кездесу үшін елордадағы ЭКСПО кешеніне келді. Тоқаев Қазақстан-Ресей жастар ынтымақтастық форумында 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялаған еді.

Қазір Қазақстанда екі жүзден аса еріктілер ұйымы жұмыс істейді. Еріктілер қозғалысына 50 мыңнан астам адам тартылған.

Волонтер жылын өткізу бойынша 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы жасалды. Қазір жоспар басқа мемлекеттік органдармен келісілуде.

Жоспар жобасында волонтерлікті дамытудың 7 бағыты қарастырылған. Волонтерлік бағытында инфрақұрылымды дамыту жоспарланып отыр. «Bilim», «Sabaqtastyq», «Saýlyq», «TazaQazaqstan», «Asylмura», «Qamqor», «Úmit» жобалары аясында еріктілерді қолдау орталықтары құрылады.

Бұдан бөлек, 300 мың теңгеге дейінгі шағын гранттар қарастырылған. Бұл қаражат азаматтардың жергілікті мәселелерді шешудегі күш-жігерін қолдауға бағытталады. Барлығы төрт жүзден астам шағын грант беріледі.

Сонымен қатар, өңірлердегі еріктілердің бастамаларын қолдау мақсатында «Jana bastama» жобасы жүзеге асырылады. Жоба 170-тен астам волонтердің бастамасын жүзеге асырады. Ұйымдарда корпоративтік волонтерлікті одан әрі дамыту үшін бизнес-секторды белсенді түрде тарту жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: «Билік тізгінін соларға тапсырамыз»: Тоқаев кеңес отырысында маңызды мәселені көтерді

Волонтер жылы аясында халықаралық ынтымақтастық дамытылады. Түрлі диалог алаңдарында ең жақсы еріктілерді қатыстыру арқылы Қазақстанның өкілдігін арттыру жоспарлануда. Қазір Қазақстан мен Ресейдегі еріктілер ұйымдары жетекшілерінің қатысуымен Волонтерлар кеңесі құрылды.

Волонтерлар кеңесі отырыстарының нәтижесі бойынша еріктілердің қызметін жақсарту және дамыту, екі елдегі еріктілік тәжірибесімен алмасу бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтар әзірлеу жоспарлануда.

Қазақстанның дамуына үлес қосқан ең жақсы қазақстандық және шетелдік волонтерларды ынталандыру үшін «Жыл волонтеры» халықаралық сыйлығы тағайындалмақ. Халықаралық сыйлыққа ақшалай сыйақы кірмейді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз