Тоқаев елдегі тәртіпсіздіктің артында кім тұрғанын айтты

0
228

«Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында Тоқаев «Қаңтар оқиғасының» соңында кім тұрғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты. 

«Бұны тергеу анықтайды. Болжам айтқым келмейді. Бізге әлі де көп жұмыс істеу керек. Көптеген содырлар, соның ішінде олардың командирлері  Алматыдан басқа қалаға кетті, кейбірі ауылдарға жасырынса,  кейбіреулері шекарадан өтіп кетті, енді біреулері басқаша бетпердемен жасырынып жүр. Сақалдарын қырып қарапайым азаматқа айналған олар, ұсталған жағдайда жай өтіп бара жатқан бейбіт тұрғынмын деп ақталады. Алайда содырлардың қаншалықты ауқымда болғанын барша жұрт көрді. Кенет солардың барлығы жай өтіп бара жатқан жүргінші болуы мүмкін емес», — деді мемлекет басшысы.