Тоқаев елде интернеттің бұғатталатынын «білмейді»

0
50

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу билік жоспарында жоқ екенін, егер салу мәселесі көтерілсе, референдум өтетінін айтты. Бұл туралы ол 10 маусымда Ақордада өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Tengrinews.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, журналистер Тоқаевтан елдегі интернеттің бұғатталуы жайлы да сұрады.

Қазақстан президенті елде интернеттің бұғатталатынынан хабарсыз екенін, құқық қорғау органдарына интернеттегі ақауды тексеруді тапсыратынын жеткізді.

Журналистермен кездесуде Тоқаев үкімет құрамында біраз өзгеріс болатынын мәлімдеді.

«Үкіметке жаңа адамдар, жастарды тартамыз. 300 адам кіретін жаңа кадрлар тізімін дайындауға уәде бергенмін» деді ол.

9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтті. Осы күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда наразылық өтіп, полиция жүздеген адамды ұстады.

10 маусымда елде күзет күшейіп, полиция адамдарды ұстауды жалғастырды. Осы күні Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялап, «Нұр Отан» партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың 70 пайыздан артық дауыс жиғанын жариялады.

Azattyq