Тоқаев екі судьяны босатып, бесеуін жаңадан тағайындады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Сенаторлар екі судьяны орнынан босату мен бес судьяны тағайындау туралы қаулыларды бірауыздан қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Сенаторлар Жоғарғы соттың екі судьясын босатып, бесеуін жаңадан сайлау туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақовтың айтуынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот судьялары – Төлеубай Қожан мен Бағлан Мақұлбековты зейнет жасына толуына байланысты орнынан босатуды ұсынды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады 

«Ал Сембек Баймахановты, Есенбай Боранбаевты, Ботагөз Ералиеваны, Вячеслав Салий және Арыстанбек Ыстыбаевты Жоғарғы соттың судьялары қызметіне сайлау туралы ұсынымды енгізіп отыр. Кандидаттардың төртеуі облыстық судья қызметін атқарып жүр. Солардың ішінде үшеуі облыстық соттар алқасының төрағасы қызметінде тәжірибесі бар. Екеуі азаматтық істердің білгірі болса, үшеуі қылмыстық істерге маманданған. Жалпы, барлығы Жоғарғы сот судьясы болуға дайын», — деді Донақов сенаттың пленарлық отырысында.

Сенаторлар екі судьяны орнынан босату мен бес судьяны тағайындау туралы қаулыларды бірауыздан қабылдады. Осыдан кейін жаңадан сайланған судьялар салтанатты түрде ант берді.



sputniknews.kz