Тоқаев екі министрді қызметінен босатты

Саясат
Қысқа сілтеме алу
Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалса, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне Бейбіт Атамқұлов келді
НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметте ауыс-түйіс жасады.
«Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметінен босатылсын», — делінген мемлекет басшысының жарлығында.
Роман Склярдың орнына индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып Бейбіт Атамқұлов тағайындалды. Ол бұған дейін сыртқы істер министрі қызметін атқарған.
sputniknews.kz