Тоқаев ЕАЭО-ның онлайн-саммитіне қатысады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Саммитке қатысушылар онлайн режимде COVID-19-ның таралуына жол бермеу мәселесі мен одаққа мүше елдердің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды

АЛМАТЫ, 13 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысады. Жиын 14 сәуір, сейсенбі күні видеоконференция форматында өтеді.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жиын барысында COVID-19 індетінің таралуын болдырмауға және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикалық тұрақтылығын қолдауға бағытталған бірлескен шаралар талқыланатынын айтты.

«14 сәуір күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмыс мәжілісіне қатысады», — деп жазды ол.



sputniknews.kz