Тоқаев Джо Байденді құттықтады

0

Ол алдағы уақытта екі ел арасында жемісті ынтымақтастық орнайтынына сенім білдірді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында өткен президент сайлауында ең көп дауыс жинаған Джо Байденді құттықтады.

Мемлекет басшысы Джо Байденге шын жүректен жылы лебізін жеткізіп, алдағы уақытта екі ел арасында жемісті ынтымақтастық орнайтынына сенім білдірді.