Тоқаев Душанбеге барды

Қысқа сілтеме алу
Президент Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V саммитіне қатысады
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға барды.
«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V саммитіне қатысу үшін Душанбе қаласына келді», — деп жазылған Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мемлекет басшысы аталған саммиттің пленарлық мәжілісіне қатысады және бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.
Тағы оқыңыз: Тоқаев ШЫҰ саммитінде президенттерге үндеу жасады
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті бүгін Бішекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.
sputniknews.kz