Тоқаев бүгін Қазақстан халқына Жолдау жасайды
Бүгін елорда уақытымен сағат 11:00-де Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдау жасайды. Жолдауды президенттің www.akorda.kz ресми сайтынан және Facebook желісіндегі Akorda парақшасынан тікелей эфирде көруге болады.
Бұған дейін мемлекет басшысының баспасөз қызметі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйекте парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайтынын хабарлаған болатын. Оның негізгі бөлігі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады. Айта кетейік, өткен жолы мемлекет басшысы биылғы 16 наурызда халыққа Жолдауын жариялаған еді. Сол күні президент елде жаңа облыстардың құрылуын жариялады, суперпрезиденттік басқару формасынан алыстауды ұсынды, сондай-ақ ол ел президентіне, атқарушы және заң шығарушы билік тармақтарына қатысты басқа да реформалар туралы баяндады.