Тоқаев бірқатар лауазымды тұлғаларды қызметінен босатты

0
3913
Фото: zakon.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бірқатар лауазымды тұлға қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету