Тоқаев бірқатар басшыны қызметінен босатуды тапсырды

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі бірқатар басшыны қызметінен босатуды тапсырды.

«СҚ Фармация» компаниясын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет. Қазақстанда дәрі мен медициналық бұйымдардың көптеген түрін өндіруді жолға қоятын кез келді. Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда?», — деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында

Еске салайық, маусым айының соңында Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжановқа сөгіс жариялады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевке ескерту жасаған.

Бұған дейін Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел экономикасы жалпы 1,8 пайызға төмендегенін айтты.

Tengrinews.kz