Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

0
40

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Заңда көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмекке қатысты өзгерістер көзделген

НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойды. 

Бұл заңдар бойынша көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 

Мемлекеттік жәрдемақы бала санына қарай сараланады:

  • Төрт баласы бар отбасыларға –  42 496 теңге;
  • бес балаға – 53 127 теңге;
  • алты балаға – 63 757 теңге;
  • жеті және одан да көп балаларға – 74 388 теңге.

Бұдан бөлек, атаулы әлеуметтік көмектің қолданыстағы жүйесі қайта қаралды. Енді атаулы әлеуметтік көмек қазіргідей 6 немесе 12 айға емес, тоқсан сайын тағайындалады.

Тағы өзгеріс – егер отбасының еңбекке жарамды мүшесі мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартса, атаулы әлеуметтік көмек бүкіл отбасыға тоқтатылады.

Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алғысы келетін отбасылардың мал-мүлкін есептейтін учаскелік комиссиялардың да қызметі күшейтіледі.

Бұған қоса, атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі. Яғни, мектеп жасына дейінгі балалар азық-түлік және гигиеналық құралдармен қамтылса, мектеп жасындағыларға тегін ыстық тамақ, мектеп формасы мен оқу-құралдары беріледі, күнделікті мектепке барып-келу жол шығындары өтеледі. 

Тағы оқыңыз: Әлеуметтік көмек кезінде айла-шарғыға барған 15 адамның басы бәлеге қалды

Заңда мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін көтеру мәселесі де шешімін тапқан. Келесі жылдан бастап әлеуметтік қызметтер порталын іске қосу қарастырылып отыр. Портал әлеуметтік қызметті алушылар мен сол қызметті көрсететіндер арасындағы бірыңғай цифрлық алаң болады. Мүгедек жандарымыз оңалту құралдары мен қызметтерді өздері таңдай алады. 

Құжатта жазылған тағы бір өзгеріс – міндетті зейнетақы жарнасына қатысты. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын енгізу мерзімі 2020 жылдан 2023 жылға ауыстырылып отыр.

Сондай-ақ Тоқаев «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» және кейбір заңнамалық актілерге оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға қол қойды.

Бұдан бөлек, Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер қарастырылған.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қазақстандықтарды дүрліктірген мәселеге нүкте қойды



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз