Тоқаев бірнеше облыс әкіміне сөгіс жариялады

0

Президент бірнеше шендіге қатысты сөгіс жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

«Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды» деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік уәли Facebook-тегі парақшасында.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақовқа және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Е.Тоғжановқа сөгіс жариялады.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А.Жұмағалиевке ескерту жасады.

Сондай-ақ Президент Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертңп, аталған мәселе барлық облыстың басшыларына да қатысты екенін айтты.