Тоқаев белгілі архитектордың отбасына көңіл айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстанда құрылыс саласын дамытуға үлкен үлес қосқан қайраткер, академик Әбдісағит Тәтіғұлов дүниеден озды

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі архитектор, академик, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдісағит Тәтіғұловтың дүние салуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Әбдісағит Шаймұханбетұлы Қазақстанда құрылыс саласын дамытуға үлкен үлес қосқан қайраткер. Ұзақ жылдар бойы «KAZGOR» жобалау академиясын басқарып, елімізде еңселі ғимараттар мен салтанатты сарайлардың бой көтеруіне сіңірген еңбегі өте мол», – делінген жеделхатта.

Президент сондай-ақ ол ұлттық сәулет мектебін қалыптастырып, шәкірт тәрбиелеудің озық үлгісін көрсеткенін атап өтті.

Бұрынғы мәжіліс депутаты өмірден озды

«Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына өшпес із қалдырған Әбдісағит Тәтіғұловтың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады», – деп түйіндеген Тоқаев.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз